Қазақстанда 3,1 млн тонна астық бастырылды

0
101

Жақсы өнімділікті Шығыс Қазақстан, Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан және Жетісу облыстары көрсетіп отыр.


Қазақстанда 3,1 млн тонна астық бастырылды

ERNUR.KZ. Егін жинау жұмыстары еліміздің 15 өңірінде жүргізілуде. Олардың қатарында Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары, сондай-ақ Абай, Жетісу облыстары мен Шымкент қаласы бар, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Жақсы өнімділікті Шығыс Қазақстан, Алматы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан және Жетісу облыстары көрсетіп отыр.

Соңғы деректер бойынша, қазірдің өзінде 2,2 млн гектар дәнді дақыл орылып, бұл жалпы егіс алқабының 13,7%-ын құрайды. Бастырылған астық көлемі — 3,1 млн тонна.

Сонымен қатар, 24,4 мың тонна майлы дақыл, гектарына 239 центнерден өнім беріп 525,5 мың тонна картоп, гектарына 286 центнерден өнім беріп 1,6 млн тонна көкөніс, сондай-ақ гектарына 269,9 центнерден өнім беріп 1,8 млн тонна бақша дақылдары жиналды.

Көкөністер бойынша да жоғары өнімділік байқалады: 319,5 мың тонна қырыққабат жиналып, гектарынан 375,4 центнер өнім алынған, 256,7 мың тонна пияз жиналып, гектарынан 390 центнер өнім алынған, 98,8 мың тонна сәбіз жиналып, гектарынан 298,1 центнер өнім алынған.