Қазақстанда 4 пайыздық автонесие бағдарламасы тоқтатылады

0
871

Қарабаев ел азаматтарына бұдан бұлай жеңілдікпен көлік алу мүмкіндігі берілмейтінін атап өтті.


Қазақстанда 4 пайыздық автонесие бағдарламасы тоқтатылады

ERNUR.KZ. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев мәлім етті, деп жазады ulysmedia.kz.

“4 пайыздық автонесие бағдарламасын қайта жаңартуды жоспарлап отырмыз. Авкөліктерді несиелеу бағытын автобустарды несиелеуге ауыстырмақшымыз. Біз бірнеше өңірге бардық, Талдықорғанда, Оралда болдық. Бүкіл республика бойынша 10525 автобус бар. Олардың көпшілігі тозған. Мәселен, Қостанайда қоғамдық көліктердің 90 пайыздан астамы тозған. Ал Олар мен Талдықорғанда 70 пайызының тозығы жеткен. Қоғамдық көліктерді күніне 9 млн 300 мың қазақстандық пайдаланады екен. Сондықтан осы бағытқа басымдық беруді жөн көрдік”, – деді министр.

Қарабаев ел азаматтарына бұдан бұлай жеңілдікпен көлік алу мүмкіндігі берілмейтінін атап өтті.

“Азаматтар көлікті өз ақшасына алады”, – деп нақтылады ол.