Қазақстанда 4,3 млн әйел жұмыс істейді

0
570

​Бұл халықтың жалпы санының 48 %-ын құрайды.


Қазақстанда 4,3 млн әйел жұмыс істейді

ERNUR.KZ. Бұл тұралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Үкімет отырысында айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Әйелдердің 35% - ы сауда және қызмет көрсету саласында, 32% - ы білім, денсаулық сақтау және ғылым саласында, 14% - ы өнеркәсіпте, құрылыста және көлікте, 9% - дан астамы ауыл шаруашылығында жұмыс істейді.

"Өңірлік жұмыспен қамту карталары аясында әйелдерді нәтижелі жұмыспен қамтуға тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілді. Мәселен, 536 мың әйел адам жұмысқа орналастырылды, бұл барлық жұмысқа орналастырылған азаматтардың 55% - ын құрады. Ал ағымдағы жылдың екі айында бұл көрсеткіш 92 мыңнан асты", – деді Тамара Дүйсенова.

Министр жас әйелдердің мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарына жұмысқа орналасу кезінде белсенділігі жоғары екенін айтты. Өткен жылы 30 мыңға жуық қыздар алғаш рет жұмысқа орналасты.