Қазақстанда 635 запастағы офицер әскери қызметке шақырылады

0
542

Құжат 6 маусымға дейін қоғам талқысына шығарылды.


Қазақстанда 635 запастағы офицер әскери қызметке шақырылады

ERNUR.KZ. 2023 жылы әскери қызметке шақырылатын запастағы офицерлердің санын екі есе ұлғайту көзделіп отыр, деп жазады stan.kz.

"Запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыру туралы" үкімет қаулысына тиісті өзгерістер енгізілді. Құжат Ашық НҚА порталында жарияланды.

Оған сәйкес, 2023 жылы әскери қызметке шақырылуға жататын запастағы офицерлердің саны:

ҚР Қарулы күштері – 550;

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі – 60;

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі – 16;

ҚР Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланы – 9.

Құжат 6 маусымға дейін қоғам талқысына шығарылды.

Айта кетері, жыл басында тиісті қаулымен запастағы 345 офицерді әскери қызметке шақыру жоспарланған болатын. Енді запастағы 635 офицер әскери қызметке шақырылмақ.