Қазақстанда 7 халықаралық автомобиль дәлізі қалыптасты – Көлік министрлігі

0
95

​Қазақстанда 95 мың шақырым автомобиль жолдары бар, оның 25 мың шақырымы Көлік министрлігіне қарайтын республикалық маңызы бар жолдар.


Қазақстанда 7 халықаралық автомобиль дәлізі қалыптасты – Көлік министрлігі

ERNUR.KZ. Нормативтік жағдайы 94%-ды құрайды. Ал 70 мың шақырымы облыстық және аудандық жолдар жергілікті органдарға қарайды. Оның нормативтік жағдайы 91%. Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Үкімет отырысында республиканың автожол саласын дамытудың ағымдағы жағдайы мен жоспарлары туралы баяндады, деп хабарлайды UKIMET телеграм арнасы.

Алдағы үш жылдың ішінде жергілікті органдармен бірге өңірлік жолдардың жұмыстарын 5 есе арттыру жоспарланған. Жұмыстың нәтижесінде 32 мың шақырым өңір жолдарының нормативтік деңгейі 95%-ға дейін жетеді.

«Бұл жұмыстарды атқару үшін ведомстволық нормативтерге тиісті өзгерістер қабылданды. Қазіргі уақытта стандарттарға өзгерістер енгізу жұмысы аяқталып жатыр. Сонымен қатар өткен аптада әкімшіліктердің өкілдерімен жиналыс өткізілді. Түсіністік бар, жергілікті органдар жұмыстарына кірісіп жатыр», – деп атап өтті Нұрлан Сауранбаев.

Министр бүгінде Қазақстанда 7 автокөлік дәлізі қалыптасқанын айтты. 4 үлкен жоба аяқталды: «Қалбатау – Майқапшағай», «Талдықорған – Өскемен», «Атырау – Астрахан» және «Қарағанды – Алматы». Бұл жолдардың жалпы ұзындығы 2000 шақырым.

Жекелеген дәліздердің қарқыны мен жұмысының артуын ескере отырып, өз шегінде оларды одан әрі дамыту және жекелеген учаскелерде жаңғырту жоспарлануда.