Қазақстанда 83 мыңнан аса адам вакцина салдырды

0
2 491

Вакцина салдырғандардың көбі медицина қызметкері.


Қазақстанда 83 мыңнан аса адам вакцина салдырды

ERNUR.KZ. ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов вакциа салдырғандар бойынша соңғы деректерді бөлісті, деп жазады Tengrinews.kz.

Республикада коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация жүріп жатыр.

"Бүгінгі таңда бірінші компонентпен 83 839 адам егілді. 22 ақпаннан бастап екінші компонентпен егу басталды, онымен бүгінге дейін 19 312 адам егілді, қолайсыз көріністер тіркелген жоқ.
Республика бойынша 58 863 медицина қызметкері, 13 744 педагог, күш құрылымдарының 4 094 қызметкері, 1 010 учаскелік полиция қызметкері және медициналық-әлеуметтік мекемелердің 393 персоналы мен контингенті құрауышта вакцинацияланды", - деді ол.