Сәуірден бастап тарифтерге қойылған мораторийдің күші жойылды.
Фото: freepik.com
ERNUR.KZ. Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов байланысты Қазақстанда электр энергиясының бағасы екінші тоқсанның соңына қарай қымбаттауы мүмкін, деп жазады Stan.kz.
Қазақстанда электр энергиясының тарифтері екінші тоқсанның соңына қарай қымбаттауы мүмкін. Оның айтуынша, сәуір айынан бастап тарифтерге қойылған мораторийдің күші жойылды. Енді тарифтерді қайта қарау мәселесі күн тәртібіне шыққан.
Есімхановтың сөзінше, электр энергиясын өндіруге қатысты тарифтерді мемлекет реттейді. Қазірдің өзінде тарифті көтеру бойынша өтінімдер келіп түскен (өткен жылдан бастап және биыл да жалғасуда).
Негізгі себептердің бірі қызметкерлердің жалақысын көтеру қажеттілігі. Сонымен қатар, шығындардың өсуі де әсер етуде:
- Газ бағасының өсуі (кейбір станцияларда бұл шығындар тарифке толық енгізілмеген);
- Жылу электр орталықтарына (ТЭЦ) арналған судың бағасы екі есе қымбаттаған;
- Кейбір бағыттарда кәсіпорындар шығынға ұшырап отыр.
"Ал көмір бағасына қатысты "Богатырь Комир" кәсіпорнында көмір бағасы өспеген, сондықтан бұл фактор тарифті көтерудің негізі ретінде қабылданбайды. Қорытындылай келе, тарифтердің нақты қаншаға өсетіні әзірге белгісіз, бірақ 2026 жылдың екінші тоқсанының соңына қарай өзгерістер болуы мүмкін", – деді вице-министр Сұңғат Есімханов.


