Қазақстанда "Ардагерлер туралы" заң қабылданды

0
1 822

Заңда Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалар қатарынан басқа мемлекеттердің аумағындағы әскери іс-қимылдардың ардагерлері атап көрсетілген.


Қазақстанда

ERNUR.KZ. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов "Ардагерлер туралы" жаңа заңында айқындалған ардагерлердің санаттары мен оларды әлеуметтік қолдау шаралары туралы айтып өтті, деп жазады baq.kz.

Ерлан Әукенов өз сөзінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік заңнаманы жетілдіру бағытында үнемі жұмыс жасап жатқандығын атап өтті.

Басты мақсаты - ардагерлердің әлеуметтік жағынан қорғауды қажет ететін санаттарын анықтау және де әлеуметтік қолдау шараларын күшейту саналатын "Ардагерлер туралы" заңы әзірленіп, оны Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты қабылдады. Ардагерлердің әлеуметтік қорғалатын 5 санаты және олар үшін арнайы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері тағайындалды. Ұлы Отан соғысына қатысқан 1025 адамға 44 448 теңге, басқа мемлекеттер аумағындағы әскери іс-қимылға қатысушы 21 729 ардагерге 17 196 теңге және 10 248 адамға 13 335 теңге төленуде. Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген 16 175 ардагерлерге 20 974 теңге және 21 729 адамға 17 196 теңге, еңбек ардагерлеріне 385 115 теңге, сонымен қатар тиісті заңмен қамтылған адамдардың басқа санаттағы 4 299 адамға 13 335 теңге тағайындалды, - деді вице-министр.

Заңда Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша теңестірілген тұлғалар қатарынан басқа мемлекеттердің аумағындағы әскери іс-қимылдардың ардагерлері атап көрсетілген.

Осылайша Ауғанстан, Вьетнам, Алжир, Египет және басқа мемлекеттердегі әскери қимылдарға қатысқан әскери қызметшілер әскери іс-қимыл ардагерлері санатына енеді. Сонымен бірге барлық қолданыстағы жеңілдіктер мен жәрдемақылар сақталып қалады, - деді Ерлан Әукенов.

Осы санаттағы ардагерлердің қатарына ТМД елдерінің 1994 жылы Қазақстан ратификациялаған ардагерлерге берілетін жеңілдіктер мен кепілдіктерді өзара тану туралы келісімінде бекітілгенгендігін айта кетті. Бұл санатқа Кеңес Одағы қарулы күштерінің қатарында әр жылдары 23 қақтығысқа қатысқан әскери қызметшілер кіретінін айтты.

Әлеуметтік әділеттілік қағидатын қамтамасыз ету үшін, Ұлы Отан соғысының қатысушылары сапынан Социалистік Еңбек Ерлеріне және Социалистік Еңбек Ерлеріне берілетін арнайы мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері сәйкесінше 2 және 15 есе (74,65 және 9,6 АЕК-тен) 138,63 АЕК-ке дейін (2020 жылы - 385 115 теңге) өсті. Бүгінгі таңда Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқандар арасында Социалистік Еңбек Ерлерінің саны - 2 адам, Социалистік Еңбек Ерлерінің саны - 73 адам, - деді спикер.

Сондай-ақ, ол Чернобыль апатынан зардап шеккендерге берілетін мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшерін 2,13 АЕК-тен (2020 жылы 5 918 теңге) 4,8 АЕК-ке (2020 жылы 13 335 теңге) екі есе көбейту ұсынылғандығын атап өтті.

Осы заңның барлық тармағын орындау үшін жыл сайын қосымша 2 млрд теңге бөлінеді. Нәтижесінде, 2020 жылы Қазақстандағы ардагерлерді мемлекеттік қолдау шараларымен қамту 169 мыңнан 180 мың адамға дейін артады, - деді Ерлан Әукенов.