Қазақстанда Ashyq жүйесі қандай жағдайда енгізіледі – министрлік түсіндірді

0
645

Қазақстанда коронавирустың қайта өршіді. Бүгінде "стелс-омикрон" штамы кеңінен тарап кетті.


Қазақстанда Ashyq жүйесі қандай жағдайда енгізіледі – министрлік түсіндірді

ERNUR.KZ. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің инфекциялық ауруларды эпидемологиялық бақылау басқармасының басшысы Роза Қожапова мәлімдеді, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Қазақстанда коронавирустың қайта өршіді. Бүгінде "стелс-омикрон" штамы кеңінен тарап кетті.

Қала немесе облыс эпидемиологиялық жағдай жағынан "қызыл" аймаққа кірсе, Ashyq жүйесі қайта енгізіледі.

Ал коронавирустық инфекцияға жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия эпидемиолгиялық ахуалды бағалаудың жаңа матрицасын енгізді. Оған сәйкес, стационарға түскен науқастардың санына баса назар аударылады.
Инфекциялық ауруларды эпидемологиялық бақылау басқармасының басшысы Роза Қожапованың айтуынша, облыс немесе қала эпидемиологиялық жағдай жағынан "қызыл" аймаққа кірсе, Ashyq жүйесі қайта енгізіледі
"Біз Ashyq жүйесін қайта енгізуіміз мүмкін. Аумақ "қызыл" аймаққа ауысса, сол кезде енгіземіз. Бірақ қандай шектеулер қоятынымыз әзірше белгісіз. Қазір біз "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасымен осы мәселені сараптап жатырмыз", - деді Қожапова орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Ал "сары" аймақта Ashyq жүйесі енгізілмейді.