Қазақстанда автосақтандыру ережесі өзгереді

0
327

7 сәуірден бастап, жаңа жүргізушілер үшін сақтандыру құны айтарлықтай қымбаттайды.


Қазақстанда автосақтандыру ережесі өзгереді

ERNUR.KZ. 2025 жылдың 7 сәуірінен бастап Қазақстанда міндетті автостраховка құнын анықтайтын "бонус-малус" коэффициенттер жүйесі өзгереді, деп жазады baq.kz.

Енді сақтандыру полисінің бағасына тек жол-көлік оқиғалары (ЖКО) ғана емес, жол қозғалысы ережелерін (ЖҚЕ) бұзу фактілері де әсер етеді. Бұл өзгерістер туралы 2024 жылдың қазан айында жарияланған болатын.

Tengri Auto жазғандай, бұрын жүргізушінің сақтандыру класы тек оның кінәсінен болған жол апаттары үшін төмендейтін. Жаңа ережелерге сәйкес, қосымша үш төменгі класс – A, M1 және M2 енгізіледі, олардың коэффициенттері 3,5-ке дейін артуы мүмкін.

Негізгі өзгеріс – жол қозғалысы ережелерін бұзуға қатысты. Егер жүргізуші сақтандыру мерзімі ішінде үш немесе одан да көп рет:

  • жылдамдықты 40 км/сағ және одан көп асырып,
  • қарсы жолаққа шығып,
  • апатты жағдай тудырса,

онда ол жол апатына ұшыраған жағдайда, оның сақтандыру класы айыппұлдары жоқ жүргізушілерге қарағанда айтарлықтай төмендейді.

Бұл өзгерістер апатты жағдай тудыратын және ұқыпты жүргізушілерге бірдей әсер етеді. Егер жүргізуші соңғы бес жыл ішінде жол апатына ұшырамаған болса, оның сақтандыру полисі арзандайды. Ал жол ережесін жиі бұзатындар мен апатқа кінәлі жүргізушілер үшін сақтандыру бағасы қымбаттайды.

Мопедтерге қатысты жаңа ереже

2025 жылдың 5 сәуірінен бастап Қазақстанда мопед иелері үшін жаңа талаптар күшіне енеді. Енді А1 санатындағы мототехниканы басқару үшін:

  • мопедті тіркеу,
  • жүргізуші куәлігі,
  • міндетті сақтандыру полисі (ОГПО) қажет болады.

Ал 7 сәуірден бастап, жаңа жүргізушілер үшін сақтандыру құны айтарлықтай қымбаттайды.