Отбасылардағы бала санының азаюы әлеуметтік және экономикалық факторларға байланысты.
фото: Sputnik / Владимир Астапкович
ERNUR.KZ. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстанда бала туу көрсеткіші төмендеген, деп жазды sputnik.kz.
Отбасылардағы балалардың орташа саны бірнеше жыл бойы 1,1 деңгейінде сақталған болса, биыл ол 1-ге дейін азайған.
Халық тығыз қоныстанған оңтүстік өңірлерде көпбалалы отбасылар жиі кездеседі: Түркістан облысында – 2,1, Қызылорда облысында –1,7, Жамбыл облысында – 1,4, Шымкент қаласында – 1,2.
Ірі мегаполистерде, керісінше, көрсеткіш республикалық орташа деңгейден төмен: Алматыда – 0,6, Астанада – 0,8. Ең төменгі көрсеткіш Шығыс Қазақстан облысында тіркелген – 0,5.
Қазақстанның 20 өңірінің 14-інде биыл балалардың орташа саны өткен жылмен салыстырғанда азайған.
Отбасылардағы бала санының азаюы әлеуметтік және экономикалық факторларға байланысты. Соның бірі – әйелдердің аз бала туу туралы шешім қабылдауы. Бұл үрдіс төртінші жыл қатарынан байқалып отыр.
Бала туу көрсеткіші соңғы төрт жылда 24,9%-ға төмендеген.


