Қазақстанда баспана бағасы көтерілді

0
807

Ең қымбат баға Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында тіркелді.


Қазақстанда баспана бағасы көтерілді

ERNUR.KZ. Қазақстанда бір шаршы метр үйдің бағасы 289,9 мың теңгеге жеткен, деп жазады inbusiness.kz.

LS сайты қазан айындағы пәтер бағасына талдау жасапты. Порталдың хабарлауынша, жаңадан салынған бір шаршы метр баспананың бағасы өткен жылмен салыстырғанда 9,3%-ға өскен. Былтыр қазан айында бұл көрсеткіш 265,3 мың теңге болатын. Ал екінші нарық пәтерінің бір шаршы метрі 198,7 мың теңгеге бағаланып отыр. Баспананы жалдау құны да өскен. Пәтердің бір шаршы метрін жалдау орта есеппен 1,5 мың теңгеге қымбаттаған.

«Ең қымбат баға әдеттегідей Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында тіркелді. Атырау да қалысар емес. Ал ең аран баспана Ақтөбеге тиесілі», – деп жазады LS.