Бұған дейін Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Әзербайжанның орталық банктері 2026 жылдың соңына дейін ұлттық QR-төлем жүйелерін біріктіру тетігін пысықтауға келіскен болатын.
Фото: Kazinform/ЖИ
ERNUR.KZ. Қазақстан Ұлттық банкі қазақстандық банкаралық мобильді төлем жүйесін басқа елдердің осындай жүйелерімен біріктіру жұмысын қолға алды. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Бинұр Жәленов эксклюзив сұхбатында мәлімдеді, деп жазады inform.kz.
— Қазақстандықтар шетелде өздеріне үйреншікті банк қосымшасы арқылы сатушының QR-кодын сканерлеп, тауарлар мен қызметтер ақысын төлей алады. Дәл осындай мүмкіндік Қазақстанға келген шетел азаматтарына да беріледі, — деді Бинұр Жәленов.
Еске салайық, бұған дейін Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Әзербайжанның орталық банктері 2026 жылдың соңына дейін ұлттық QR-төлем жүйелерін біріктіру тетігін пысықтауға келіскен болатын.


