Базарлардың ең көп саны Түркістан облысында.
ERNUR.KZ. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті, деп жазады ulysmedia.kz.
Бюро дерегінше, 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанда 722 базар тіркелген, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 16 бірлікке аз. Оның ішінде 495 сауда базары (133 мың сауда орны) қалалық жерде, 227 – ауылдық жерде (39 мың сауда орны) орналасқан.
Базарлардың ең көп саны Түркістан облысында – 115 бірлік, оған қоса Алматы (58) және Ақтөбе (57) облыстарында.
Өңірлік бөліністе сауда орындарының ең көп саны Алматы қаласында – 24 мың орын (41 базар).
“335 базар заңды тұлғаларға тиесілі болса, қалған 387-сі жеке кәсіпкерлердің атына тіркелген. Елдегі базарлардың жалпы ауданы 7,7 млн м2 құрайды”, – делінген хабарламада.