Қазақстанда бірнеше жерде толық жүктемемен жұмыс істеуге бола ма?

0
106

Қазіргі таңда мемлекеттік органдар ғана тексеріліп жатыр.


Қазақстанда бірнеше жерде толық жүктемемен жұмыс істеуге бола ма?

Фото: freepik

ERNUR.KZ. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Анафин айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Қазір еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде бұл мәліметтер нақты бақыланып отыр. Еңбек кодексі бойынша адам бірнеше жерде бір уақытта толық жүктемемен істей алмайды. Мысалы, егер бір мекемеде толық жүктемемен жұмыс істесе, онда басқа жерде тек қосымша жұмыс істеуіне рұқсат етіледі. Мұндай жағдайлар бірыңғай жүйе арқылы бақыланып отырады, ал ақпарат еңбек инспекторларына жолданады", – деді Олжас Анафин Мәжіліс кулуарында.

Вице-министр қолданыстағы заңнама бойынша толық жұмыс күні бір ғана жұмыс орнында қарастырылғанын баса айтты. Оның айтуынша, қазір мемлекеттік ұйымдар арасында тексеріс жүргізіліп жатыр.

Олжас Анафин бұл азаматтардың формалды түрде ғана жұмысқа орналасу жағдайлары болмас үшін жасалып жатқанын түсіндірді. Яғни, құжат жүзінде жұмыс істейді деп көрсетілгенімен, іс жүзінде ешқандай қызмет атқармау жағдайлары анықталмақ.