Елде тағы 33 адамда коронавирус расталды. Жаңа жағдайлар Батыс Қазақстан, Павлодар, Атырау облыстары мен Алматы және Нұр-Сұлтанда тіркелді.
Індет жұқтырған тағы 33 адам расталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
"Батыс Қазақстан облысында - 8, Алматы қаласында - 11, Нұр-Сұлтан қаласында - 5, Павлодар облысында - 5, Атырау облысында - 4 адам коронавирус жұқтырды", - деп жазылған жедел штаб хабарламасында.
Соңғы ақпарат бойынша, елде жалпы 3 138 адам вирус жұқтырды:
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 621 адам,
Алматы қаласында – 937,
Шымкент қаласында – 189,
Ақмола облысында – 98,
Ақтөбе облысында – 65,
Алматы облысында – 122,
Атырау облысында – 135,
Шығыс Қазақстан облысында – 17,
Жамбыл облысында – 116,
Батыс Қазақстан облысында – 138,
Қарағанды облысында – 142,
Қостанай облысында – 45,
Қызылорда облысында – 187,
Маңғыстау облысында – 45,
Павлодар облысында – 127,
Солтүстік Қазақстан облысында – 30,
Түркістан облысында – 124.


