Қазақстанда дәрі-дәрмек 15%-ға қымбаттады

0
79

Жүргізілген талдау бұл тұтынушылардың дәрі-дәрмектерді үнемдей бастағанын көрсеткен.


Қазақстанда дәрі-дәрмек 15%-ға қымбаттады

фото: Sputnik / Абзал Калиев

ERNUR.KZ. Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, биылғы жылдың қаңтар айында фармацевтикалық препараттар 2025 жылдың басымен салыстырғанда 15,1%-ға қымбаттады, деп жазады sputnik.kz.
2025 жылдың қаңтарынан шілдесіне дейін Қазақстанда дәрі-дәрмектер 7%-8%-ға қымбаттаса, тамыз айынан бастап баға жедел қымбаттай бастаған.
Денсаулық сақтау министрлігінің дәрі-дәрмектің шекті бағасы туралы жаңа бұйрығы күші енгеннен бастап фармацевтикалық препараттардың қымбаттау жылдамдығы 9%-15%-ке дейін жетті.
Жүргізілген талдау бұл тұтынушылардың дәрі-дәрмектерді үнемдей бастағанын көрсеткен. Былтыр қаңтар-қыркүйекте сатып алушылар дәрі-дәрмектер үшін 537,4 миллиард теңге төлеген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 11%-ке көп.
Өткен жылдың шілде–қыркүйек айларында қазақстандықтардың дәрі-дәрмектерге жұмсаған шығыстары жылдық мәнде 8,4%-ке, бір адамға тоқсанына 4 мың теңгеге дейін өсті.