Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы арзандап жатыр

0
97

Мемлекеттік реттеу аясында баға төмендеп отыр.


Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы арзандап жатыр

фото: sputnik.kz.

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмек бағасының жаппай өсіп жатқаны туралы әлеуметтік желіде тараған ақпаратты жоққа шығарды, деп жазады sputnik.kz.

Ведомствоның мәліметінше керісінше мемлекеттік реттеу аясында баға төмендеп отыр.
"Қазіргі уақытта 4994 сауда атауындағы дәрілік заттарға шекті бағалар бекітілген. Сонымен қатар 1707 рецептісіз босатылатын препарат мемлекеттік реттеуден шығарылып, уәкілетті органдардың тұрақты мониторингі жағдайында нарықтық бағамен сатылуда", - делінген хабарламада.
Еліміздің 20 өңірінде жүргізілген мониторинг нәтижесі бойынша:
қыркүйек айында маусыммен салыстырғанда позициялардың 34%-ында баға төмендеген (орта есеппен 7,8%-ға);
қазан айында позициялардың 50%-ы арзандаған (орта есеппен 11,1%-ға).
Мына препараттардың бағасы айтарлықтай төмендеді:
Гепар комп. Хеель — 41,2%-ға;
Ревмоксикам® — 32,5%-ға;
Цефяпс — 31,6%-ға;
ВАЛМАК-Н — 24,7%-ға;
Зитмак® — 20,0%-ға.
Аталған дәрілік заттар сұранысқа ие және әртүрлі ауруларды емдеуде кеңінен қолданылады.
Министрлік шекті бағадан қымбат сату фактілері анықталған жағдайда Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 426-бабына сәйкес жауапкершілік көзделгенін еске салды.