Қазақстанда дипфейк жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілуі мүмкін

0
254

“Жасанды интеллект туралы” заңды таныстырған Смышляева дипфейкке жалған ақпарат енгізілетінін айтады.


Қазақстанда дипфейк жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілуі мүмкін

Фото: pixabay.com

ERNUR.KZ. Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева елде дипфейк жасағандар үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілетінін айтты, деп жазады stan.kz.

“Жасанды интеллект туралы” заңды таныстырған Смышляева дипфейкке жалған ақпарат енгізілетінін айтады. Сондықтан алдағы уақытта бұл үшін жаза қарастырылмақ.

“Мұнда жеке және биометриялық деректерді қорғау үшін көмектеседі. Себебі жақсы дипфейк жасау үшін белгілі көлемдегі ақпарат қажет. Жалпы айтқанда заңнамада бірқатар шара қарастырылған. Әзірге жеке құрам үшін қылмыстық жауапкершілік енгізбейміз, бірақ жұмыс тобында біз бұл ұсынысты халықаралық тәжірибеге сүйене отырып талқылауымыз мүмкін”, – деді депутат.