Қазақстанда егін жинау науқаны аяқталды: 26,5 млн тонна астық жиналды

0
232

Орташа өнімділік гектарына 16 центнерді құрады, бұл өткен жылғы көрсеткіштерден жоғары.


Қазақстанда егін жинау науқаны аяқталды: 26,5 млн тонна астық жиналды

Биыл ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы жинау алаңы 23,3 млн гектарды құрады, оның ішінде 16,7 млн гектары – дәнді және бұршақты дақылдар. 26,5 млн тонна астық бастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ Primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Орташа өнімділік гектарына 16 центнерді құрады, бұл өткен жылғы көрсеткіштерден жоғары. Негізгі астық егетін өңірлердің ішінде Солтүстік Қазақстан облысында жоғары нәтижелер байқалады – 18,6 ц/га. Оңтүстік өңірлерде өнімділік бойынша жоғары көрсеткіштер Қызылорда, Түркістан және Жетісу облыстарында байқалады.

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында күздің қолайлы ауа райы жағдайлары жауын-шашынға қарамастан айтарлықтай шығынсыз егін жинау науқанын жүргізуге мүмкіндік бергенін атап өтті.

«Жоғары өнімділікке ауа-райының қолайлы жағдайлары және, әрине, агротехнологияларды дұрыс қолдану нәтижесінде, атап айтқанда сапалы тұқымдарды пайдалану, минералды тыңайтқыштарды қолдану және өсімдіктерді тиімді қорғау арқылы қол жеткізілді», — деді министр.

Дәнді дақылдарды жинау аяқталды, жүгері дәнін жинау жалғасуда.