Қазақстанда енді полицейлер планшет арқылы жүргізушілердің жеке деректерін көре алмайды

0
73

Бұрын жол сақшылары ереже бұзған жүргізушінің жеке сәйкестендіру нөмірін планшетке теріп, оның мекенжайы, жұмыс орны секілді жеке ақпараттарды біле алатын.


Қазақстанда енді полицейлер планшет арқылы жүргізушілердің жеке деректерін көре алмайды

Видеодан скриншот

ERNUR.KZ. Елімізде енді полиция қызметкерлері планшет арқылы жүргізушілердің жеке деректерін көре алмайды. Сақшылар үшін сенсорлық құрылғы тек хаттама толтыруға жарайды. Мұндай жаңашылдық азаматтардың шағымынан соң енгізіліп отыр, деп жазады stan.kz.

Бұрын жол сақшылары ереже бұзған жүргізушінің жеке сәйкестендіру нөмірін планшетке теріп, оның мекенжайы, жұмыс орны секілді жеке ақпараттарды біле алатын. Тіпті азаматтың телефон нөмірі де көрініп тұрады.

Бұдан былай планшетте бұл мәліметтер болмайды. Тек полицейлер азаматтардың жеке сәйкестендіру нөмірін айыппұл толтыру үшін ғана енгізеді. Өзгерісті жүргізушілердің көбі қолдап отыр.