Қызметкердің жұмыс істеген және істемеген уақыт есепке алынуға тиіс.
ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 79-бабына сәйкес жұмыс беруші қызметкердің нақты жұмыс істеген уақытының есебін жүргізуге міндеттеледі, деп жазады stan.kz.
Қызметкердің жұмыс істеген және істемеген уақыт есепке алынуға тиіс. Бұл ретте үстеме жұмыс уақыты, түнгі уақыттағы жұмыс, демалыс, мереке күндері, іссапар күндері бөлек ескеріледі. Қызмет еткен уақытының есебін жүргізу нысаны мен тәртібі жұмыс берушінің актісімен айқындалады.
Кодекстің 110-бабына сәйкес, түнгі уақыттағы жұмыстың әрбір сағаты еңбек немесе ұжымдық шарттардың және (немесе) жұмыс беруші актісінің талаптарына сәйкес жоғары мөлшерде, бірақ қызметкердің күндізгі (сағаттық) мөлшерлемесіне сүйене отырып, бір жарым мөлшерден төмен емес мөлшерде төленеді.
Кодекстің 103-бабының 1-тармағына сәйкес қызметкерге жұмыс берушінің жұмыс уақытын есепке алу жөніндегі құжаттарында ескерілген нақты жұмыс істеген уақыты үшін жалақы төленеді.
"Сағатты ауыстыру кезінде түнгі уақытта жұмыс істегені үшін еңбекақы төлеу Кодекстің 110-бабына сәйкес қызметкердің нақты жұмыс уақыты үшін жоғары мөлшерде ақы төленуі керек деп есептейміз", – делінген министрлік хабарламасында.
Бұдан бөлек, келісімдерде, еңбек, ұжымдық шарттарда және жұмыс берушінің актілерінде айқындалған еңбекақы төлеу шарттары осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген шарттармен салыстырғанда бірыңғай болуы қажет.
"Егер қызметкер жұмыс істеген уақыт айына жұмыс сағатының нормасынан (40 сағат) асып кетсе, онда жұмыс беруші ҚР Еңбек кодексінің 77-бабына сәйкес үстеме жұмыс сағаттарын бір жарым мөлшерде төлеуге тиіс", – деді министрліктің баспасөз қызметі.