Қазақстанда әйелдердің айлығы ерлерге қарағанда 33 пайызға кем

0
396

Қаржы институтының ақпаратына сай, өзін өзі жұмыспен қамтып жүрген азаматтардың үлесі мен қорғалмағандар саны көп.


Қазақстанда әйелдердің айлығы ерлерге қарағанда 33 пайызға кем

ERNUR.KZ. Қазақстанда көрші елдер мен ЭЫДҰ елдеріне қарағанда әйелдер мен ерлердің мүмкіндіктері тең емес екені белгілі болды, деп жазады ulysmedia.kz.

Қаржы институтының ақпаратына сай, өзін өзі жұмыспен қамтып жүрген азаматтардың үлесі мен қорғалмағандар саны көп. Жұмысшылардың көбі өнімділігі төмен қызметте еңбек етуде.

“Тұрғындардың көп бөлігі әйелдер мен гердерлік рөлдерге қатысты дәстүрлі ұғымды ұстанады. Әйелдердің жалақысы ерлердің жалақысының 67,8% – на тең. Бұл ретте алшақтық елдің батысында байқалады”, – делінген баяндамада.