Тұрмыстық зорлық-зомбылық деңгейін төмендету үшін әйелдер арасында бір жынысты некеге рұқсат беру жоспарланып отырғаны туралы "жаңалық" тарады.
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық деңгейін төмендету үшін әйелдер арасында бір жынысты некеге рұқсат беру жоспарланып отырғаны туралы "жаңалық" тарады, деп жазады tengrinews.kz.
"Бұл ақпараттың негізгі дереккөзі – qaznews24 Instagram аккаунты. Парақшаның профилінде оның ойдан шығарылған жаңалықтарды ғана жариялайтын "сатиралық ақпарат агенттігі" болып табылатыны және барлық атаулар мен оқиғалар ойдан шығарылғаны жазылған", - делінген хабарламада.
Демек, таралған ақпаратқа сенбеген жөн. Бұл фейк, деп жазды портал.