Қазақстанда газ қымбаттауы мүмкін

0
557

​Министрдің пікірінше, Қазақстанда газ өте арзан.


Қазақстанда газ қымбаттауы мүмкін

ERNUR.KZ. Қазақстанда газ бағасын көтеру жоспарланып отыр. Бұл туралы энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

Министрдің пікірінше, Қазақстанда газ шынымен де өте арзан.
Айтуынша, экспорттан түскен жоғары кіріс есебінен ел ішінде газ бағасы төмен болды.
Бірақ, ішкі нарықта тұтыну өсіп, ал газ өндіру көлемі ұлғаймай жатқандықтан, Қазақстан экспортты қысқартуға мәжбүр.
"2024 жылдан кейін экспорт нөлге түседі деген болжам бар. Яғни біз газды мүлдем экспортқа шығармаймыз. Тиісінше Қазақстан ішінде төмен бағаны ынталандыру көзі болмайды. Сол себепті газ бағасын көтеру жағын ойластыру қажет", - деді Ақшолақов үкімет кулуарында.
Министр газ бағасы тұтынушылар үшін әртүрлі болатынын атап өтті. Энергетика министрлігі газ тұтынушыларын топтарға бөлуді жоспарлап отыр.
"Біріншісі – бұл қасиетті, бұл халық пен әлеуметтік әлжуаз топтар. Бірақ газдың нақты құнын төлей алатын және төлеуге тиіс тұтынушылар бар. Олар толығымен экспортқа және валюталық түсімге бағдарланған кәсіпорындар. Майнерлер де газ үшін жақсы ақша төлей алады. Сондай-ақ әлеуметтік және коммуналдық кәсіпорындар, оларды басқа топқа жатқызу керек шығар", - деді ведомство басшысы.
Ақшолақов ірі бизнес үшін газ бағасы 60%-ке өсуі мүмкін екенін атап өтті.
Қарапайым халық үшін баға басқа болады. Қазір министрлік тиісті есептеулер жүргізіп жатыр.