Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен ұлттық банк 5 қаңтар күні бірлескен қаулы қабылдады.
Фото: depositphotos.com
ERNUR.KZ Қазақстанда ипотекалық несиелер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің (ЖТСМ) шекті деңгейі 2026 жылдың 1 шілдесіне дейін төмендетілмейтін болды, деп жазады Stan.kz.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен ұлттық банк 5 қаңтар күні бірлескен қаулы қабылдады. Қаулыға сәйкес, ипотекалық несиелер бойынша ең жоғары мөлшерлемені төмендету 2026 жылдың ортасына дейін кейінге қалдырылды.
Қазақстанда 1 шілдеге дейін несиелер бойынша мынадай шекті мөлшерлемелер қолданыста болады:
- кепілсіз банктік несиелер үшін – 46%;
- кепілмен берілетін банктік несиелер үшін – 35%;
- ипотекалық несиелер үшін – 25%.
Айта кетейік, бұған дейін реттеуші органдар ипотекалық несиелер бойынша шекті мөлшерлемені 25%-дан 20%-ға дейін кезең-кезеңімен төмендетуді жоспарлаған еді. Алайда 2025 жылдың күзінде базалық мөлшерлеме 18%-ға дейін көтерілгеннен кейін коммерциялық ипотека банктер үшін тиімсіз болып қалды. Соның салдарынан көптеген ірі қаржы ұйымдары ипотекалық несие беруді уақытша тоқтатты.


