Қазақстанда көкөніске арналған көтерме-тарату орталықтары салынады

0
660

​Бүгінде көкөністерді сақтайтын арнайы орындардың болмауы салдарынан ауыл шаруашылық өнімдерінің 40%-ы жарамсыз болып қалуда.


Қазақстанда көкөніске арналған көтерме-тарату орталықтары салынады

ERNUR.KZ. Отандық фермерлердің өнімін сату үшін Қазақстанда 24 көтерме-тарату орталығын салу жоспарлануда, деп жазады Zakon.kz.

AGRONEWS хабарлағандай, бұл бастама арқылы фермерлерге ірі сауда желілеріне сапалы тауар жеткізуге мүмкіндік туады.

Орталықтардың алғашқы екеуі Ақсу қаласы мен Мичурино ауылында салынады. Әрбір орталық арнайы желдеткіші бар әмбебап тоңазытқыш камераларымен жабдықталады.