Қазақстанда көлік инспекциясы заңсыз таксимен күреседі

0
619

Көлік бақылау қызметі өз бетінше және жылжымалы пост арқылы тексеру жүргізе алады.


Қазақстанда көлік инспекциясы заңсыз таксимен күреседі

ERNUR.KZ. Қазақстанда көлік инспекциясы қызметкерлерінің өкілеттігі артады. Енді олар заңсыз таксимен өз алдына күресе алады. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіндегілер Kolesa.kz сайтына айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

Тексерушілердің өкілеттігі көлік бақылау постының жұмыс қағидасына өзгерістер енгізілуі күшене енген соң артады. Ол жақын күндері жариялануы керек.

Көлік бақылау қызметі өз бетінше және жылжымалы пост арқылы тексеру жүргізе алады. Олар ресми және заңсыз такси көлігін және құжаттарының заңнама талаптарына сай екенін анықтайды.

Бұған дейін олардың қызметкерлері рейд және шұғыл-профилактикалық шараларды ішкі істер органдарымен бірлесе өткізетін.

"Рейд кезінде заңсыз такси жиналатын: базар, теміржол және автовокзал маңы, ірі ойын-сауық, сауда орталықтарына аса назар аударылады. (...) Көлікті тексеру үшін жол жауып, арнайы бір орынға тұру жоспары жоқ", - деді комитеттегілер.

Көлік бақылаушыларының айтуынша, рейдке олар Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлерімен бірге шығады.

Әкімшілік құқықбұзушылық кодекстің 613-бабына сәйкес посттарда көлік бақылау қызметкерлерінің (жылжымалы бақылаудың да) талабын орындамағандарға 30 АЕК айыппұл салынады, ал заңбұзушылық жыл ішінде қайталанса жүргізуші алты айға көлік жүргізу куәлігінен айырылады.