Қазақстандағы коронавирус бойынша 22 наурыздағы 09.00 сағ. жағдай
Нұр-Сұлтан қаласында тағы 2 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
"Коронавирус індетін жұқтырған тағы 2 адам Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді.
Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 31 адам, Алматы қаласында – 22 адам, Қарағанды қаласында - 2, Алматы облысында - 1 адам, жалпы 56 науқас тіркелді, - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің ресми парақшасында.
Еске салайық, 21 наурыз кешке Нұр-Сұлтанда 1985 жылғы әйелдің коронавирус жұқтырғаны хабарланған. 22 наурыз таңертең тағы екі адам қосылып отыр.