Changan брендінің Ресей нарығына алғаш жеткізілетін модель CS75 Plus кроссовері болмақ.
Фото: auto.ru
ERNUR.KZ. Changan брендінің ресейлік кеңсесі Қазақстанда құрастырылған көліктерді Ресейге жеткізбек, деп жазады stan.kz.
Changan брендінің Ресей нарығына алғаш жеткізілетін модель CS75 Plus кроссовері болмақ. Дилерлік қоймаларға алғашқы жеткізілімдер тамыз айында басталады. Ресейге қай елдерде өндірілген қандай модельдер жеткізілетіні әзірге белгісіз. Changan көліктері Ресейге Алматыда салынып жатқан AMMKZ (Astana Motors Manufacturing Kazakhstan) атты мультибренд зауытында құрастырылған күйде жеткізіледі.
йының басында Changan-ның ресейлік кеңсесі Калининград автоторымен өндірісті локализациялау туралы келіссөздер жүргізіп жатқанын хабарлады. Бірақ бұл ақпарат жоққа шығарылып. Сонда-ақ мұндай мүмкіндік, болашақта болатынын мәлімдеді.
AMMKZ кәсіпорны алдағы апталарда іске қосылмақ. Мұнда Changan брендінің бірінші үлгісі CS55 Plus кроссовері шығарылады. Сонымен қатар үш қытайлық концерннің – Chery, Changan және Great Wall автомобильдерін шығару жоспарланып отыр екен.
Kolesa.kz басылымының мәліметінше, бұл зауытта өндірістік процестерді автоматтандыру деңгейі жергілікті өндіріс үшін өте жоғары. Мысалы, кузовты дәнекерлеу желісінде жапондық Fanuc компаниясының 17 роботы, ал бояу цехында швейцариялық ABB фирмасының 22 автоматы жұмыс істейді.
Сонымен қатар Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауытының айналасында осы өндірісте қолданылатын жергілікті бөлшектерді (компоненттерді) шығаратын фабрикалар кластері де қалыптасып жатыр.
Басылым мәліметінше, AAstana Motors Manufacturing Kazakhstan конвейеріне алғашқы қойылатын модельдердің бірі Tank 300 жол талғамайтын көлігі болмақ. Кәсіпорынның жылдық жоспарлы қуаты 90 мың автомобиль. Бұл Қазақстан нарығы үшін артық. Ссондықтан шығарылатын көліктердің шамамен 60%-ын экспорттау көзделіп отыр. Негізгі экспорттық нарықтардың бірі – Ресей. Сол себепті Tank 300 ресейлік нарықта Қазақстанда құрастырылған көлікпен алмастырылуы мүмкін. Сол сияқты Haval H5 пен H9 модельдері де Қазақстанда құрастырылып, Ресей нарығына шықпақ.
Шілде айының басында "Иннопром" көрмесінде Changan компаниясы Ресейде қыркүйек айында жаңа буындағы CS75 Plus көлігінің сатылымы басталатынын хабарлады. Сонымен қатар Қазақстанда шығарылған көліктердің Ресей нарығына шығуы да қыркүйекке жоспарланып отырғанын жеткізді. Сондықтан Astana Motors Manufacturing Kazakhstan зауытында бірден жаңартылған модель құрастырылуы мүмкін.
CS75 Plus-тен бөлек, компания жыл соңына дейін Ресейде Deepal брендіне тиесілі екі модельдің (G318 және E07), сондай-ақ Avatr 12 атты электр фастбэктың сатылымын бастауды жоспарлап отыр.