Қазақстанда нан қымбаттай ма – министрлік мәлімдеме жасады

0
1 489

Ауыл шаруашылығы министрлігі өңірлік тұрақтандыру қорларының арқасында әлеуметтік нанның бағасы өзгермейтініне сендіріп отыр.


Қазақстанда нан қымбаттай ма – министрлік мәлімдеме жасады

ERNUR.KZ. Астық түсімінің төмендігі нан бағасына болар-болмас әсер етуі мүмкін. Бұл туралы ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді, деп жазады sputniknews.kz.

"Нан бағасына тоқталсақ, әзірге ол тұрақты. Әлеуметтік нанның бір бөлкесі – 78 теңгеден 85 теңгеге дейін. Бидай бағасы өскен жағдайда, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар, әкімдіктердің тұрақтандыру қорлары, "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" іске қосылады", - деді Сапаров брифингте.
Вице-министрдің пікірінше, нанның қымбаттауы жайлы айту әлі ерте.
"Егін ору науқаны әлі жүріп жатыр, астық алқабының шамамен 20 проценті орылған жоқ. Баға өскен күннің өзінде, болар-болмас қана көтеріледі. Бірақ әлеуметтік нанның бағасы сол күйінде қалады, өйткені қазір әкімдіктер тұрақтандыру қорларына ұн сатып алып, қамданып жатыр. Әлеуметтік нанға қатысты проблема көріп тұрған жоқпыз", - деді ол.
Министрліктің мәліметінше, қазір 2,5 миллион тоннадан астам астық элеваторларға жеткізілген.
"Бидай ылғалды күйінде түсті. Алайда облыстардың өтінішімен үкімет астықты кептіру үшін қырмандарға тағы 50 мың тонна жанар-жағармай бөліп жатыр", - деді Сапаров.