Қазақстанда несиенің ең жоғары сомасына шектеу енгізілуі мүмкін

0
697

​Қазақстанда тұтыну несиесінің ең жоғары сомасына шектеу қойылмақ.


Қазақстанда несиенің ең жоғары сомасына шектеу енгізілуі мүмкін

ERNUR.KZ. Бұл туралы Мәжілісте «Халықтың шамадан тыс кредит алуын азайту және қаржы сауаттылығын арттыру» тақырыбындағы Парламент тыңдауында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова айтты, деп жазады inform.kz.

«Қазір қомақты сомада тұтыну несиесін қарқынды түрде беру үрдісі байқалып отыр. Біріншіден, тұтыну несиесінің өсуіне халық сұранысының артуы да әсер етіп отыр. Бұл тұрғыда тауарларға қарызды бөліп төлеуге сұраныс көбейген, сондай-ақ тұтыну несиелерін кәсіпкерлік мақсатта пайдалану да артқан. Осының салдарынан кепілсіз тұтыну несиелері бойынша орташа қарыз жыл басындағы 913 мың теңгеден қазір 1 миллион теңгеге дейін жетті», – деді М. Әбілқасымова.

Оның сөзіне қарағанда, 5 млн теңгеден асатын кепілсіз тұтыну несиелерінің үлесі қазірдің өзінде 12 пайызды құраса, ал қарыз алушылардың саны бойынша 3 пайыз деңгейінде.

«Бұл тұрғыда тұтыну несиесінің шамадан тыс өсуін шектеу аясындағы қосымша шара ретінде агенттік заңнамалық деңгейде осы несиенің сомасына шектеу енгізуді ұсынып отыр», – деді апгенттік басшысы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы кезінде банктер тұтыну несиесімен әуестеніп кеткенін айтқан еді.