Қазақстанда өлім жазасына кесілген тұтқын бостандықты талап етті

0
499

Ол 2003 жылы өлім жазасына кесілген.


Қазақстанда өлім жазасына кесілген тұтқын бостандықты талап етті

ERNUR.KZ. Қазақстандық судья Роман Подопригора елімізде өлім жазасына кесілген тұтқынның бостандыққа шығуға шағым бергенін айтты, деп жазады stan.kz.

Судьяның айтуынша, шартты түрде мерзімінен бұрын босату мәселелеріне қатысты кезекті іс қаралған.

"Мұнда азамат 2003 жылы өлім жазасына кесілген. Кейінірек президенттің жарлығымен ол кешіріліп, өлім жазасы өмір бойына бас бостандығынан айырумен ауыстырылды. Қылмыстық кодекстің даулы бабына сәйкес шартты түрде мерзімінен бұрын босату мұндай адамдарға (яғни өлім жазасы өмір бойына бас бостандығынан айырумен ауыстырылғандарға) қолданылмайды. Азамат мұны әділетсіздік деп есептейтінін жеткізді", – деді Подопригора жұмада.

Оның айтуынша, конституциялық сот елімізде өлім жазасын алып тастауға және Қазақстанда өмір бойына бас бостандығынан айыруға байланысты оқиғалардың хронологиясын еске салған.

"Қылмыстық кодекс өлім жазасы өмір бойына бас бостандығынан айыруға ауыстырылған адамдарға шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдануға шектеу қоюдың себебін түсіндірді. Бұл бүгінде өлім жазасы қолданылмайтынына байланысты. Қылмыстық кодексте мұндай шектеудің сақталуы өлім жазасын қолдануға тыйым салуды белгілейтін конституция нормаларына сәйкес келмейді. Тиісінше конституциялық емес. Сонымен қатар шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолдану мәселесі соттың құзыретіне жатады. Заңда мұндай мүмкіндік беру сотталғанды жазасын өтеуден сөзсіз босатуды білдірмейді", – деп толықтырды Подопригора.