Қазақстанда педагогтердің республикалық тамыз саммиті басталды

0
418

Іс-шара соңында білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін үздік педагогтер марапатталады.


Қазақстанда педагогтердің республикалық тамыз саммиті басталды

ERNUR.KZ. Бірінші рет дәстүрлі тамыз конференциясы халықаралық қонақтар – білім берудегі сарапшылардың қатысуымен Саммит форматында өтеді, деп жазады sputnik.kz.

Биылғы жылы ол "Digital Kazakhstan: заманауи білім беру" тақырыбында оқу үдерісін цифрландыруға және әлемдік тәжірибені ескере отырып, сабақ беру процесіне жасанды интеллектті енгізу ерекшеліктеріне арналады.
Саммит аясында жасанды интеллектті қолдана отырып жасалған цифрлық өнімдердің білім беру көрмесі ұйымдастырылады. Сондай-ақ білім беру саласындағы жетекші сарапшылардың қатысуымен пленарлық және секциялық отырыстармен қатар шеберлік сабақтары өтеді.
Іс-шара соңында білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін үздік педагогтер марапатталады. Оған 500 мыңнан астам педагог офлайн және онлайн режимдерде қатысатын болады.