Қазақстанда пойыз кешіккені үшін жеңілдік болмайды

0
413

Министр пойыздың жиі кешігуіне қатысты пікір білдірді.


Қазақстанда пойыз кешіккені үшін жеңілдік болмайды

ERNUR.KZ. Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев журналистердің сауалына жауап бере отырып, қазақстандықтарға пойыз кешігуіне байланысты жеңілдік болмайтынын айтты, деп жазады zakon.kz.

Министр пойыздың жиі кешігуіне қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, Қазақстанның теміржол желілерінің ұзындығы - 16 мың шақырым. Жыл сайын 500 шақырым желі жөнделсе, 2023 жылы бұл көрсеткіш екі есеге артып, 1100 шақырымға жетті.

"Бұл ең әуелі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты. Қыста пойыздар рельстен шығып кеткен жағдайды көрдіңіздер. "ҚТЖ-ға ресми өтініш бар еді. Олар кешірім сұрады. Бірақ біз үшін қауіпсіздік бірінші орында тұр".Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев

Бұл ретте олар қазақстандықтарға келтірген қолайсыздықтар үшін жеңілдіктер жасауды жоспарлап отырған жоқ. Бұл мүмкіндік қарастырылып жатқан жоқ, деді Марат Қарабаев.

Мамырдың 19-ы күні сарапшылар Қазақстандағы пойыздар неге кешігетіні туралы пікір бөлісті. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі пойыз тоқтаған немесе кешіккен жағдайда ақшасын қалай қайтаруға болатынын айтып берді.