Қазақстанда полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттау өтеді

0
707

Соңында Қазақстан басшысы бұл процесті Президент Әкімшілігі қадағалайтынын мәлімдеді.


Қазақстанда полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттау өтеді

Сурет: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестациядан өткізу туралы ұсынысты қолдады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Ақорда ресми сайтына сілтеме жасап.

"Министрлік осы сынақ кезінде табандылық танытуға тиіс. "Бармақ басты, көз қысты" болмауы керек. Алайда аттестация біреуден есе қайтарудың құралы болмауға тиіс. Басты мақсат – жеке құрамды біліксіз және жұмысына адал емес басшылардан тазарту, яғни кәсіби кадр резервін жасақтау. Сонда ғана ахуалды түбегейлі өзгерте аламыз. Президент Әкімшілігі бұл жұмысты бақылауда ұстайды", – деді Мемлекет басшысы.

Соңында Қазақстан басшысы бұл процесті Президент Әкімшілігі қадағалайтынын мәлімдеді.

Сондай-ақ өз сөзінде Тоқаев еліміздегі қылмыстың алдын алу жүйесін жаңғырту қажеттілігіне назар аударды.