Қазақстанда полицияның парасатын тексеретін заң шығады

0
195

«Кәсіби парасатын тестілеу туралы» заң жобасын Антикор дайындаған.


Қазақстанда полицияның парасатын тексеретін заң шығады

ERNUR.KZ. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі құқық қорғау органдарындағы қызметкерлердің парасатын тексеру мақсатында «Кәсіби парасатын тестілеу туралы» заң жобасын әзірлеген, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Антикордың мәліметіне сүйенсек, қазір бұл тәсіл Австралия, Венгрия, Молдова, Румыния, АҚШ сияқты елдерде бар әдіс. Бұл модел адамның жемқорлыққа жақын-алыс екенін анықтайды.

«Заң жобасында тестіленуші тұлғалар мен тестілеушілердің құқықтары мен міндеттері, тестілеуді тағайындау үшін негіздер, оны өткізу рәсімдері, жауапкершілік шаралары және басқа да мәселелер регламенттелген», - деп жазды Антикор.