Қазақстанда профессор, доценттерге төленетін үстемақыны арттыру ұсынылды

0
802

Бұл туралы депутат Асхат Аймағамбетов айтты.


Қазақстанда профессор, доценттерге төленетін үстемақыны арттыру ұсынылды

ERNUR.KZ. Қазіргі уақытта ғылыми зерттеу институттарда немесе университеттерде істейтін ғалымдарымыз доктор PhD, ғылым докторы, ғылым кандидаты сынды ғылыми дәрежелері үшін ай сайын жалақысына қосымша үстемақы алады. Енді оларға профессор немесе доцент сияқты ғылыми атақтары үшін жалақысына қосымша ақы беру ұсынылып отыр. Бұл туралы депутат, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Асхат Аймағамбетов айтты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Мысалы доктор PhD, ғылым кандидаты қазір ай сайынғы жалақысына аталған ғылыми дәрежесі үшін 62 мың теңге үстемақы алса, енді ол қосымша доцент деген ғылыми атағы үшін тағы 30 мың үстемақы, яғни жалпы 92 мың теңгені ай сайынғы жалақысына қосымша үстемақы ретінде алатын болады. Ал енді ол ғылым докторы болса, және қазіргі уақытта ол 125 мың теңге үстемақы алса, бұл заң қабылданғаннан кейін ол енді қосымша профессор атағы үшін тағы да 60 мың теңге, сонда жалпы алғанда 185 мың теңге көлемінде жалақысының үстіне қосымша ақы алатын болады. Бұл өте жақсы қолдау деп санаймыз»,- деді Аймағамбетов.