Қазақстанда сегіз айда 1733 көлік ұрланған

0
566

Айдап кеткен көліктерді табу жыл санап қиындап барады.


Қазақстанда сегіз айда 1733 көлік ұрланған

ERNUR.KZ. Елде темір тұлпарлардың ұрлығы тыйылмай тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл сегіз айдың ішінде 1733 адам көлігінен айырылды. Оның ішінде тек 238-і ғана иелеріне қайтарылды. Айдап кеткен көліктерді табу жыл санап қиындап барады.

Мәжіліс депутаты Василий Олейник келтіргендей, бұған көліктерді екінші мәрте тіркеген кезде қозғалтқыш пен шанақтағы нөмірлердің сәйкестігін көзбен тексерілмеуі себеп. Ұрлықшылар осыны пайдаланып, шанақтағы нөмірді өзгертіп, айдап кеткен көлікті қайта рәсімдейді. Осы ретте Мәжіліс депутаттары бұл олқылықтың орнын толтыруды ұсынып отыр. Бүгін тиісті депутаттық сауал Премьер-министрдің орынбасары Роман Склярға жіберілді.