Жаңа ереже 2025 жылғы 16 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Фото: depositphotos.com
ERNUR.KZ. Қазақстанда шенеуніктер төтенше жағдай туралы үш сағатың ішінде журналистерге ақпарат беруге міндеттелді, деп жазады stan.kz.
Мәдениет және ақпарат министрлігі белгілі бір аумақтағы төтеншетжағдайлар туралы бұқаралық ақпарат құралдарына ресми хабарлама беру ережелерін әзірледі. Жаңа ереже 2025 жылғы 16 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Белгілі бір аумақта халықтың өмір сүру жағдайлары бұзылған жағдайда бұқаралық ақпарат құралдарына ресми хабарлама беру ережелері лауазымды тұлғалардың қиын жағдайларда жұмысын реттейді.
Аталмыш бұйрық тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органдарын және жергілікті атқарушы органдарды белгілі бір аумақта халықтың өмір сүру жағдайлары бұзылған жағдайда, оқиға болған кезден бастап үш сағаттан кешіктірмей, журналистерге ағымдағы жағдай туралы ресми хабар беруге міндеттейді.
Ережеге сәйкес, ресми хабарламаның мәтіні орталық мемлекеттік немесе жергілікті атқарушы органның бірінші басшысымен келісілуі және ақпаратта халықтың тұрмыс жағдайын бұзу фактілері және оларды жою бойынша қабылданған шаралар туралы барынша толық мәлімет қамтылуы тиіс.
Ресми ақпараттар бірнеше жол:
- орталық мемлекеттік немесе жергілікті атқарушы органның веб-ресурсында ресми хабарламаны жариялау;
- журналистерге ресми хабарлама жіберу;
- байланыс қызметтері мен мемлекеттік органдардың учаскелерінде брифингтер өткізу арқылы көпшілікке қолжетімді болуы қажет.