Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді – Үкімет тізім жариялады

0
570

Жергілікті атқарушы органдар бюджет пен бюджеттен тыс қаражаттан өтемақы төлейтін болады.


Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді – Үкімет тізім жариялады

ERNUR.KZ. ҚР премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев министрліктерге екі күн ішінде су тасқыны салдарынан зардап шеккен тұрғындардың бүлінген немесе жоғалған бірінші қажеттіліктегі мүліктерін өтеу алгоритмін әзірлеуді тапсырды, деп жазады stan.kz.

Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, мұндай мүліктің тізіміне мыналар кіреді:

  • азық-түлікті сақтауға және дайындауға арналған заттар;
  • тамақтануға арналған жиһаз заттары;
  • ұйықтауға арналған жиһаз бөліктері;
  • азаматтарды ақпараттандыру құралдары;
  • сумен жабдықтау және жылыту құралдарының заттары.

Жергілікті атқарушы органдар бюджет пен бюджеттен тыс қаражаттан өтемақы төлейтін болады.

Бұған дейін ҚР Үкіметі су тасқынынан зардап шеккен азаматтар мемлекеттен қандай көмекке сене алатыны туралы жадынама жариялаған болатын.

Бұдан басқа, Қанат Бозымбаевтың тапсырмасы бойынша екі күн ішінде үлкен судан зардап шеккен егістік жер иелері мен ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қаржылық көмек көрсету алгоритмі әзірленбек.

Еске салсақ, Су тасқынынан зардап шеккен азаматтар көмек алуға өтінішті смартфон арқылы бере алатынын хабарлаған едік.