Суық асфальт тез қатады. Соның арқасында жол қозғалысын ұзақ уақытқа жабудың қажеті жоқ.
ERNUR.KZ. Республикалық жолдарға жауапты "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы жолды жылдам жөндеу технологиясын көрсетті, деп жазады sputnik.kz.
Ресми мәліметке сәйкес, "Нұр-Сұлтан - Қорғалжын" республикалық тас жолының бір учаскесінде шұңқырларды жөндеу кезінде суық асфальт қоспасын апробациялау басталды.
"RapidAszfalt" өнімі Венгрияда жасалған.
"Технологияның артықшылығы сол, оған қандай да бір дайындық жұмыстары қажет емес, қыздырмай-ақ және қоспаларсыз пайдалана беруге болады. Сондай-ақ, ауыр техниканың қажеті жоқ. Қолмен нығыздау аппараты - вибро-машина да жеткілікті", - дейді мамандар.
Суық асфальт тез қатады. Соның арқасында жол қозғалысын ұзақ уақытқа жабудың қажеті жоқ.
"RapidAszfalt" технологиясын қыста да ауа температурасы -20 градусқа дейін қолдана беруге болады.
Ал жазда + 50C-қа дейін өз қасиеттерін сақтайды.
Апробация сәтті болса, жаңа технология жол-құрылыс саласына енгізіледі.