Жоба мемлекеттік-жеке серіктестік шеңберінде жүзеге асады.
ERNUR.KZ. Қызылорда облысында жыл соңына дейін жаңа қоқыс сұрыптайтын кешен ашылмақ, деп жазады Atameken Business.
Кәсіпорын жылына 60 мың тонна қатқыл қалдықтарды өңдейді деп жоспарлануда. «Жобаның жалпы құны – 1,3 млрд теңге. Кешеннің құрылысы жыл соңына дейін аяқталып, бірден жұмыс істей бастады»,– деді өңірдің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, аталмыш кешенді іске қосуға жұмсалған қаржының тең жартысын (652 млн теңге) жеке инвесторлар құйса, қалған жартысы мемлекеттік бюджеттен бөлінген.
Қазіргі кезде кәсіпорынның құрылыс жұмыстарының 60%-ы аяқталды.
Кешен толық іске қосылған соң облыс әкімдігі иелігіне беріледі.