Қазақстанда ұсақ жол-көлік оқиғасынан кейін сақтандыру төлемін алуды жеңілдету қарастырылып жатыр

0
573

Сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібі, Еурохаттама ретінде танымал, Еуропа елдерінің көпшілігінде және Ресей, Беларусь, Украина, Армения және Өзбекстан сияқты бірқатар ТМД елдерінде ұсынылған.


Қазақстанда ұсақ жол-көлік оқиғасынан кейін сақтандыру төлемін алуды жеңілдету қарастырылып жатыр

ERNUR.KZ. Қазақстанда полиция мен сот шешімін күтпей-ақ жеңел жол-көлік оқиғасынан кейін сақтандыру төлемін алу үшін құжаттарды ресімдеуге мүмкіндік беретін Еурохаттама қабылдау жоспарланып жатыр, деп жазады Tengrinews.kz.

Ведомство мәліметінше, сақтандыру жағдайын реттеудің оңайлатылған тәртібі, Еурохаттама ретінде танымал, Еуропа елдерінің көпшілігінде және Ресей, Беларусь, Украина, Армения және Өзбекстан сияқты бірқатар ТМД елдерінде ұсынылған.

"Бүгінде жолдарда көптеген ұсақ жол-көлік оқиғасы болады. Оның көбісінде адам зардап шегіп, мүлікке зиян келмейді. Бірақ сақтандыру төлемін алу үшін жүргізушілер жол полициясы қызметкерлерін шақырып, хаттама толтырып, сот шешімін күтеді. Бұл процесс екі айға дейін созылады. Сақтандыру нарығын дамыту туралы заң жобасын қарау барысында Мәжіліс депутаттары жеңіл жазатайым оқиғалар кезінде сақтандыру төлемдерін алу тәртібін жол полициясы қызметкерлерінің қатысуынсыз Еурохаттама негізінде оңайлату мәселесін көтерді", - деді агенттік өкілі.

Еурохаттама мынадай шарттарда қолданылуы мүмкін:

  • жол-көлік оқиғасы екі көліктің соқтығысуы нәтижесінде болса;
  • жол-көлік оқиғасы нәтижесінде көлік құралдарына ғана зиян келсе (өмірі мен денсаулығына зиян келген жәбірленушілер болмаған, үшінші тұлғалар мүлкіне зиян келтірілмеген жағдайда);
  • ЖҚО-ға ұшыраған екі жүргізушінің де сақтандыру полисінің болуы;
  • ЖКО-ға қатысушылар арасында кім кінәлі деген мәселеде келіспеушіліктердің болмауы;
  • ЖКО-ны тіркеу сот шешімінсіз және ішкі істер органдары қызметкерлерінсіз жүргізілсе;
  • сақтандыру төлемі бір сақтандыру жағдайы бойынша 100 АЕК (2022 жылы 306 мың теңге) шегінде жүзеге асырылады.

Агенттік мәліметінше, бұл процедура жазатайым оқиғаны тіркеу және зардап шеккендердің сақтандыру төлемдерін алу уақытын айтарлықтай қысқартады.

ЖКО-ны тіркеу жазатайым оқиғаға қатысушылардың қай сақтандыру компаниясында сақтандырылғанына қарамастан, Бірыңғай сақтандыру деректер базасының мобильді қосымшасын пайдалану арқылы жүргізіледі.