Өңірлер бойынша ең көп екпе салдырған Алматы тұрғындары.
ERNUR.KZ. Қазақстанда 679 709 адам коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін алды, деп жазады Tengrinews.kz.
Өңірлер бойынша ең көп екпе салдырған Алматы тұрғындары - 131 631 адам.
Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы облысы екінші орында. Онда вакцинаның бірінші компонентін 90 мыңнан аса тұрғын алды. Олардың 11 мыңға жуығы "Спутник V"-ның екінші компонентін салдырды.
Үшінші орында Шымкент қаласы тұр, мұнда 60 мыңға жуық тұрғын вакцинацияланды.
Нұр-Сұлтанда CAVID-19-ға қарсы вакцинаны 57 мыңнан аса адам салдырды, олардың 10 мыңы вакцинаның екінші компонентін алып үлгерді.