Парламент Мәжілісі Палаталарының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы және көші-қон мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы екінші оқылымда мақұлданды.

Бұл екі заң жобасы бойынша негізгі баяндамаларды сәйкесінше Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Сәкен Өтебаев пен Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Мұсырман Кәрібай жасады.
«Заң жобасы барлық бос жұмыс орындары қамтылған мемлекеттік біріңғай электронды еңбек биржасын жасауды көздейді. Ол ел аумағындағы барлық жұмыс беруші мен іздеуші туралы толық ақпаратты қамтитын сайт болады. Мұндай интернет-ресурсты жасау жұмыс берушіге де, жұмысқа тұрғысы келетіндерге де қолайлы болмақ», -деді Мұсырман Кәрібай.