Қазақстанда жалған вакцина паспорты мен ПТР тест сатудың 110 фактісі тіркелді - ІІМ

0
366

Жалған медициналық құжаттарды ұсынудың тұтас схемалары анықталды, деді министр.


Қазақстанда жалған вакцина паспорты мен ПТР тест сатудың 110 фактісі тіркелді - ІІМ

ERNUR.KZ. ПТР тесті мен вакцинация паспортын қолдан жасағаны үшін 110 қылмыстық іс қозғалды, деп жазады Polisia.kz.

5 тамызда Ішкі істер министрлігінде Мемлекет басшысының коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі тапсырмаларын орындау бойынша жұмыс кеңесі өтті.

Іс-шараға ҰҚК, БП, СЖҚКА, ҚМА, ДСМ, АҚДМ басшылығы, сондай-ақ ҚР ІІМ жанындағы ведомствоаралық арнайы топтың мүшелері қатысты.

– Жалған медициналық құжаттарды ұсынудың тұтас схемалары анықталды. Кейбір туроператорлар жалған вакцинация паспорттарын шығарумен және сатумен айналысқан. Сонымен қатар, оларды теміржол вокзалдарында, әуежайларда және мемлекеттік шекараның өткізу пункттерінде іске асыру фактілерінің жолы кесілді, – деп хабарлады Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.

Ведомство басшысы ел Президенті ІІМ жанынан ведомствоаралық арнайы топ құруды тапсырғанын атап өтті.

Топ жалған вакцинация паспортын және ПТР-тестілеу нәтижесн қолдан жасау және сату фактілерінің жолын кесу жөніндегі жұмысты үйлестіреді.

Осыған байланысты ақпаратты жинау және өңдеу, сондай-ақ анықталған фактілерге ден қою шаралары бойынша өзара іс-қимыл тәртібі айқындалған.

Жыл басынан бері 110 қылмыстық іс тіркелген, оның ішінде 60-ы жалған ПТР-анықтама және 50-і - вакцинация паспортын жасау бойынша.