Қазақстанда жаңа полиция бөлімшелері құрылды

0
411

Үкімет тиісті қаулы қабылдады.


Қазақстанда жаңа полиция бөлімшелері құрылды

ERNUR.KZ. Қазақстанда жаңа полиция бөлімшелері құрылады. Үкімет тиісті қаулы қабылдады, деп жазады tengrinews.kz.

Атап айтқанда, мыналар:

  • "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Алматы облысы Полиция департаменті Алатау қаласының полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
  • "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті Үлкен Нарын ауданының полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
  • "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті Марқакөл ауданының полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
  • "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Абай облысы Полиция департаменті Мақаншы ауданының полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
  • "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Абай облысы Полиция департаменті Жаңасемей ауданының полиция бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
  • "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Абай облысы Полиция департаменті емханасы бар госпиталь" мемлекеттік мекемесі.
"Жоғарыда аталған мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігін ұстауға және жергілікті бюджетке көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін", - делінген құжатта.

Ішкі істер министрлігіне Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдау тапсырылған.