Қазақстанда жанар-жағармайды Ashyq арқылы сату ұсынылды

0
630

Қосымшаның жұмыс атауы – Ashyq OIL.


Қазақстанда жанар-жағармайды Ashyq арқылы сату ұсынылды

ERNUR.KZ. Ashyq әзірлеушісі Виталий Пустовойтенко жанармай құю бекеттерінде жанар-жағармайдың сатылуын мобильді қосымша арқылы бақылауды ұсынды, деп жазады sputnik.kz.

"Бізде лимитті ескеріп, жанармай құю станцияларында жанар-жағармайды сату есебін жүргізу бойынша шешім бар. Біз оны 7-14 күн ішінде енгізуге дайынбыз. Барлығы Ashyq баламасы бойынша мобильді қосымшаның базасында жүзеге асырылады. Электронды үкіметтің инфрақұрылымы мұны жасауға мүмкіндік береді", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Қосымшаның жұмыс атауы – Ashyq OIL.
Ол жанар-жағармайдың бір қолға лимиттен артық сатылуына жол бермейді. Сондай-ақ халықпен кері байланыс орнатылады және заңбұзушылықтар тіркеледі.
Ashyq Oil-да қандай қорғау тетіктері болады
жанар-жағармай тек көлік иелеріне/жүргізушілерге сатылады;
жанармай құю бекетіне өзі барғаны тіркеледі;
отын жүргізуші куәлігіне берілмейді;
ЖЖҚС-ға "жалған" адамдардың баруына жол бермейді.
Бұған дейін энергетика министрі Болат Ақшолақов дизель отынын сату кезінде ықтимал айла-амалдарды жою үшін тұтынушыларды тіркеуге арналған модуль құру бойынша техникалық шешімдер әзірленіп жатқанын мәлімдеді. Айтуынша, бұл модуль қыркүйек айының ортасында барлық жанармай құю бекетінде іске қосылады.