ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жедел жәрдем қызметкерлеріне жасалған шабуыл жиілегендіктен, оларды видеожетонмен қамтылатынын айтты, деп жазады stan.kz.
Ақмарал Әлназарованың сөзінше, алдағы уақытта елде жедел медициналық көмек қызметкерлерінің қаіпсіздігі күшейтіледі.
"Тағы бір мәселе – қызметкерлерді құқық қорғау органдарының үлгісі бойынша видеожетонмен қамту. Бұл сұрақ та құқықтық тұрғыдан реттеледі. Меніңше, мұны шешу қиын емес", – деді ол мәжіліс кулуарында.
Сондай-ақ министр фельдшерлерді сақтандыру мүмкіндігі де қаралып жатқанын мәлімдеді.
"Күн тәртібінде қызметін атқару кезінде шабуыл жасалып, денсаулығына зиян келуі ықтимал қызметкерлерді сақтандыру мәселесі де тұр. Бұл сауалды біз жедел медициналық қызмет ұйымдарының басшыларымен талқыладық, сондықтан қазір күн тәртібінде тұр", – деді Әлназарова.